«Шымкент Плаза» сауда орталығында жас келіншек босанып қалды

180

«Шымкент плаза» қызметкерлері мамандықтарын өзгертіп акушер болуға мәжбүр болды. Бүгін аталған сауда орталығында сағат екілер шамасында 27 жастағы келіншек босанды. Ал мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қыз баланың өмірге келуіне септігін тигізді.

Олардың айтуынша, аяғы ауыр келіншектің өзі де бұлай тез босанамын деп ойламаған көрінеді. Айта кетейік, бұл «Шымкент Плаза» сауда үйінде дүниеге келген екінші сәби.

Айгүл Ташбенбетова, HR менеджер: «Осы жерде босанды. Қыздің өзі де білмеген шығар. Сондай жағдай болатынын. «Шымкент Плазадағы» бұл екінші рет. Ал кинотеатрда бірінші рет. Кішкене қобалжып тұрмыз әрине. Стресс, шок. Күтпеген жағдай болды енді. Анасы да күтпеді, біздің әріптестермізде күтпеді».

Киім ауыстыратын бөлмеде дүниеге келген нәресте тез арада қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілген. Салмағы 3 келі, бойы 54 см. Ақ халаттылардың айтуынша ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Жағдайы жақсы. Тез арада реанимация бригадасы жіберілді. Артынша кюезі бар арнайы бригада жіберілді. Анасы мен баласына алғашқы көмек көрсетіліп қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілді. Өйткені ол ең жақын орналасқан аурухана. Қазір жағдайы жақсы. Қалалық босану үйіне тасымалдау бойынша сұрақтар шешіліп жатыр».

Мөлдір Ибадуллаева