Шымкентте экономика салалары бойынша оң өсім бар

44

Елімізде биылғы тоғыз ай көлемінде инвестиция өсімі 15,1 пайызға артқан. Шымкент қаласы инвестициялар тарту бойынша өңірлер арасында алғашқы орында келеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Ел экономикасының даму көрсеткіштерін баяндаған Ұлттық экономика министрі Қазақстан экономикасында сенімді өсу бар екенін айтып, қаламызда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту көрсеткіші 38,8 пайызға өскенін жеткізді.

Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша барлық өңірде оң өсім байқалған. Есепті кезеңде елімізде 10,4 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Шымкент қаласында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға өсіпті.

Айта кетейік, қалада өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласында жоспарланған өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, инфляцияға қарсы шаралар кешені тиімді жүзеге асырылады.

Жанерке Хумар