Шымкентте балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер кешін өткізді

98

Шымкентте алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленушілерінің өнер кеші өтті. «Мейірім мекенінде» деп аталатын игі шараға еліміздің түкір-түкпірінен келген 84 бүлдіршін қатысты. Сондай-ақ, жас дарындардың шығармашылығын қолдау мақсатында елімізге белгілі өнер майталмандары Бекжан Тұрыс, Заттыбек Көпбосынұлы, Наркенже және Таңат Мамырханұлы сахнада дуэт орындады.

Айта-кетейік, қала әкімдігі тарапынан бүгінгі кештің барлық қатысушысына бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен бірге, ОҚМУ жоғары оқу орны әуенді шараның 1 қатысушысына оқу грантын бөлетінін жеткізді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Бүгінгі игі шара Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Елімізде балалар үйлері болмасын. Бұл бағытта ел болып жұмыс жасауымыз керек. Бүлдіршіндеріміз ел азаматы болып өссін. Сіздердің жетістіктеріңізге куә болып жүре берейік».

                                                                                             Мөлдір Ибадуллаева