72 отбасы қоныс тойын тойлады

235
Жаңа қоныс иелері Нұрсәт шағынауданындағы №135 в үйінде тұрады

Шымкентте 72 отбасы қуанышқа бөленді. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында «Нұрсәт» шағынауданынан жаңа баспаналардың кілті табыс етілді. Қоныс иелері – ата-ана қамқорлығынсыз қалған  61 отбасы және болашағы бұлыңғыр елдімекендерден көшірілген 11 отбасы. 108 пәтері бар №135 в үйдің ауласына жиналған қауым жаңа баспанаға қоныстанушыларды құттықтап, мәре-сәре болды.

Бүгін 72 отбасына  жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді
Көптен күткен қуанышты сәт

Дамира Асқарова: «Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдық, баспана кезегінде 2006 жылдан бері тұрғанбыз. Барлығына рахмет! Міне, енді қоныс тойын тойлап отырмыз. Төрт баламның біреуі – мүгедек. Осыны ескерген басшыларға алғысымыз шексіз!»

«Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша мемлекеттен пәтер алуға алдымен 29 жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бар.

Перизат Ахметова: «Мен жастайымнан әке-шешемнен айрылдым. Бірақ, жалғыз қалмадым, аға-әпкелерім қолдау көрсетіп келді. Енді, міне, кілт табыстауда. Үлкен рахмет! Болашағым жарқын екендігіне кәміл сенемін.»

Жаңа қоныс иелері Нұрсәт шағынауданындағы №135 в үйінде тұрады
Жаңа қоныс иелері енді «Нұрсәт» шағынауданындағы №135 в үйде тұрады

Жастайынан жетім қалған Перизат зайыбы Ғани екеуінің көптен бергі арманы – жетім қалған жалғыз бауырына пана болу еді. Бүгін баспаналы болып, сол арманының орындалғанына жас отбасы дән риза.