Түркістан облысы, Келес ауданында жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді. Сатыбалды Иманбердіұлы атындағы имандылық үйінің ашылуына еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Келес ауданының бас имамы Айдарәлі Садықов, ауданға белгілі ақсақалдар және мешітті салуға мұрындық болған Сатыбалды әулеті қатысты.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде өңірімізде дін саласында да үлкен жұмыстар атқарылған. Жаңадан мешіттер тұрғызылып, Ислам дінін оқытатын мамандар даярланды. Бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын табуда.

Салтанатты түрде ашылған 2000 орындық Сатыбалды Иманбердіұлы атындағы аудандық мешітте алдымен әруақтарға құран бағышталып, ақсақалдар батасын берді. Өткен жылы құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 1 гектардан асады. Ал мешіт ғимаратының аумағы 1451 шаршы метрді құрайды.

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі