Заңсыз салынған тұрғын үйлердің иелеріне айыппұл салынуда

82

 

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев төрағалығымен өткен лездемелік мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Е.Түктібай , Сайрам аудандық аурухана бас дәрігері Қ.Ыдырысов, «Қарабұлақ» аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары З.Оспанова қатысты.

Қарабұлақ ауылдық округінде заңсыз салынған тұрғын үйлер — ауданның жер қатынастары саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Жер қатынастары бөлімі Ортабұлақ аумағындағы мемлекет меншігіндегі жерде орналасқан 62 жеке тұрғын үйлердің иелері анықталып, өз құзырында шара көру үшін Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің атына 62 хат жолданды. Нәтижесінде 20 азаматқа айыппұл салынды.

Қалған 42 азаматқа шара көру жұмыстары өте баяу жүргізілуде. Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерінде салынған тұрғын үйлерге заң талаптарына сай әкімшілік шара көріп, тұрғын үйлерді бұзу бойынша сотқа талап арыз беру қажет. Себебі 2019 жылы ТО әкімдігімен дайындалған алгоритм бүгінгі күнге дейін іске аспай отыр.

Осыған байланысты, алгоритмге қатысы жоқ, ауылдық округ құзырындағы іс шараларды 2021 жылдың соңына дейін жүзеге асыруды Қарабұлақ ауыл округі әкіміне тапсыруыңызды сұраймын. Жиында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұрбол Керімбекұлы осылай баяндады.

Ауданда 88 білім беру мекемелері жұмыс істейді. Оның ішінде: көмірмен жылытатын 40, сұйық отынмен 3 және табиғи газбен жылытатын 45 білім беру мекемелері тіркелген. Білім беру мекемелерін көмірмен қамтамасыз ету «РеалТранс» ЖШС -не мемлекеттік конкурс нәтижесінде жүктелген.

Бүгінгі таңда, 8539,5 тонна көмір жеткізіліп, жұмыс толығымен орындалған. Ал аудандағы 71 көп қабатты үйлер дербес жылу қазандықтармен жылытылады, олар 2021-2022 жылдарға жылыту маусымына толық дайын. Жиында осылай есеп берілді.