Жалдамалы пәтерлер тағы қымбаттады

74

Елімізде пәтерді жалдау ақысы әлі де қымбаттап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, қыркүйекте баға үш пайыздай өскен. Ал жыл басынан бері 14 пайызға көтеріліп отыр.

Үй жалдау құны әсіресе Алматы, Нұр-Сұлтан секілді ірі қалаларда аспандап тұр. Мұнда жалдамалы бір бөлмелі пәтердің ең қымбат бағасы 350 мың теңге. Орташа құны 160 мың.

Бұған дейін сарапшылар бағаның өсуіне студенттердің дәстүрлі оқу форматына оралуы себеп деген еді. Ұл-қыздардың қалаға жаппай ағылуы сұранысты арттырып, бағаны көтерген. Айтуларынша пәтерді жалдау ақысы жақында арзандамайды.

Шынар Оразова