Эпидахуал жақсармай, Қытаймен арадағы шекара ашылмайды

71

Коронавирусқа байланысты эпидемиялогиялық ахуал жақсармай, Қытаймен арадағы шекара ашылмайды. Сауда және интеграция министрінің орынбасары Ержан Қазанбаев осылай дейді.

Айтуынша, шекаралық бекеттерде жүктің ұзақ уақыт тұруына Қытай тауарларды екі, тіпті үш рет тазартуы себеп. Жауаптылар кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Бұған дейін депутаттар шекарада 8 мың тонна контейнердің қаңтарылып тұрғанын айтқан. Олар бизнесті салықтан толығымен босатуды ұсынған.

Шынар Оразова