9 миллиардтан астам материалдық шығын келтірілген

115

Елімізге жемқорлық қылмыстардан келетін залал көлемі артқан. Құқықтық статистиканың мәліметі бойынша, биыл бюджет ақшасын жымқыру, пара алу секілді қылмыстардан елге 9 млрд. теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Бұл – өткен жылға қарағанда 24 пайызға көп. Ең көп кесірін тигізген қылмыс – қызмет бабын асыра пайдалану. Залалы – 6 миллиард 300 миллион.

Екінші орында – пара беру, алу. 1,5 миллиард. Алаяқтар болса, 220 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Шынар Оразова