Айналада мас жүргізушілер қаптап жүр…

36

Шымкентте бір күнде мас күйде көлік басқарған 9 жүргізуші анықталды. Қала аумағында ағымдағы жылдың 8-17 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен көлік құралын мас күйде жүргізгені үшін 9 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, нәтижесінде оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Тәртіп сақшылары мас күйде көлікке отырған жүргізушілерді күнделікті анықтауда. Алайда, полицейлердің ескертулеріне қарамастан, кей жүргізушілер салдары туралы ойланбастан мас күйінде өздеріне көлік құралын басқаруға мүмкіндік береді. Қала аумағында осындай жайттарды алдын алу және болдырмау үшін рейдтік іс-шараларды ұдайы жүргізіп тұрады. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 9-қазанында жол үстінде мас халде көлік басқарған 9 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Осы ретте тәртіп сақшылары жүргізушілерге өз өмірін қатерге тікпеуге кеңес береді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі