Úı ANONS 100-ге жуық көлік құралдары айыптұраққа аттанды

100-ге жуық көлік құралдары айыптұраққа аттанды

фото ШПД
Жол көлік оқиғаларының төмендету және жол жүру қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы аумағында «Қауіпсіз-жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында жол ережесін қасақана өрескел түрде бұзушыларды анықтау бағытында жұмыс жүргізілді.
▫️Атап айтқанда автокөліктерді масаң күйде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу тәртібін бұзу, жолдың қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және маневр жасау, қауіпсіздік белдігін қолданбау, ұялы телефон пайдалану, көше қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өтпесінен өту жағдайларымен байланысты жасалған құқықбұзушылықтарды анықтауға аса назар аударылды.
Сонымен қатар, мотоцикл, мопед, скутер, электросамокат және т.б. басқаратын жүргізушілерімен (оның ішінде жасы кәмелетке толмағандар) кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 600-ден астам жол тәртібін сақтамаған жүргізушілер жауапқа тартылып, оның ішінде 100-ге жуық көлік құралдары айыптұраққа қойылды.