Úı ANONS «Alaman Sports 2021» додасы өз мәресіне жетті

«Alaman Sports 2021» додасы өз мәресіне жетті

Түркістан қаласында киберспорттан «Alaman Sports 2021» додасының екінші маусымы өз мәресіне жетті. Финалдық бәсекенің жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құраған-тын.

“Жүзден жүйрік” шыққан үздіктерді Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ, сайыс қорытындысында, аталған спорт түрін дамыту өңірдегі жастардың шығармашылығын шыңдауға үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті. Арнайы жабдықталған «Кибер — киіз үй» мен дәстүрлі қазақ киіміндегі аниматорлар көңілімізден шықты деген қонақтар, осы шара киберспорттың қыр -сырымен танысуға үлкен мүмкіндік болғанын жеткізді.

Аида Қарсыбайқызы