Күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. Бүгінде 1500-ге тарта шақырылған сарбаздың 800-ге жуығы әскерге жіберілді. Ал бұл жолғы 23 жас жігіт отьан алдындағы борышын өтеуге Семей қаласына аттанып барады.
Отанды қорғау әр азаматтың парызы. Отбасынан жыраққа аттанып, шекара шебін қорғауды көздеген бұл 23 сарбаз болашақ төтенше жағдайлар департаментінің мамандары. Бойында елге деген отансүйгүштік қасиеті сіңірген саптағылардың әрқайсымында мақсат, арманы бар. Солардың бірі 20 жастағы Бекбатыр Баймұханбет. Ол әке жолын қуып, адам өміріне араша түскім келеді дейді.
Бекбатыр Баймұханбетұлы, жас сарбаз: «Әкем кезінде осы мамандықта жұмыс істеген. ТЖД мамандығында. Әкем ақыл айтқаннан кейін менде осы саланы таңдап,әкеме еліктеп ТЖД мамандығын таңдадым. Негізі кезінде еркек туылғанда ата-бабамыз қуанған ғой. Отан қорғайды деп. Барлықтарыңызды шақырамын отан қорғауға. Өзіміздің жасөспірімдерді».
Өңірден жалпы әскерге жыл соңына дейін 1500-ге жуық сарбаз жіберілуі тиіс. Қазірде жоспар бойынша 800-ге тарта жас отан қорғауға десанттық шабуыл бригадасы, құрлық әскері, әуе қорғаныс күштері бойынша аттанды. Жауынгерді әрбір жаттығу батылдыққа,сенімділікке үйретеді. Осылай деген жауапты маман өңір азаматтарынан үлкен үміт күтеді
Әбдіғабит Шегебаев, Қалалық қорғаныс істері жөніндегі полковник: «Бірінші мақсатымыз мынау балалардың бәрін жауынгерлік дайындыққа, одан қалса өздерін сол жерде білімді де дарынды өздерінің қызметтерін бәрін отан алдындағы борыштарын адал орындап, 12ай ішінде барлық оқу жаттығудың бәрін үйренеді деп ойлаймын».
Айта кетейік, бұл топтағы 23 сарбаз Семей қаласындағы ТЖД-де борышын өтеу үшін жолға шықпақ. Ал адағы уақытта ел тыныштығын күзетуге ұлттық ұлан сарбаздары жіберілетін болады.
Ботакөз Әнуар







