Биыл 1300-ден аса кәсіпорын банкротқа ұшыраған

66

Биыл 1300-ден аса кәсіпорын банкротқа ұшыраған. Қарызы өсіп, жабылған кәсіп былтырмен салыстырғанда 3 есеге көбейді.

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың шілдесіне дейін банкроттық туралы іс қозғауға уақытша шектеу қойылғанын айтты. Салық төлеуді кейінге қалдырып, мерзімін ұзартқан кәсіпкерлер 70 пайызға көбейген.

Мәселен, биыл 464 кәсіпорын міндетті төлемді кейінге шегерді. Кәсіпкерлердің 426 млрд. теңгеден аса салық бойынша берешегі бар. Қарыз 21 пайыздан асады. Комитет шығынға батқан кәсіпкерлерді салық бойынша жеңілдік алу үшін кірістер органдарына жүгінуді ескертеді.

Шынар Оразова