«Борышкер» жедел профилактикалық шарасы өтуде

147

Түркістан қаласы аумағында «БОРЫШКЕР» жедел профилактикалық шарасы өтуде. Шараның мақсаты қала тұрғындарына әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында төлеу түсіндіру.

Яғни, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделген күннен бастап 7 тәулік ішінде салынған айыппұлды 50 % жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі мен әкімшілік құқық бұзушылық қаулысы шыққан күннен бастап 30 күн мерзімде ерікті түрде айыппұлды өндіру түсіндірілуде.

Егер айыппұл ерікті түрде өндірілмеген жағдайда мәжбүрлеп орындау үшін сот орындаушыларға жолданатындығы хабарлаймыз.

Іс-шара барысында мемлекетке айыппұл берешегі және салық төлемдері қалыптасқан көлік жүргізушілері тексеріліп, көлік құралдары айып тұрағына жеткізілуде.

QAINAR KÓZТүркістан Қаласы Әкімдігі