Сайрам ауданында жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылды

250

16 қарашада Сайрам АПБ-ға тұрғындардан жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция дереу оқиға орнына жетті. Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.