Úı ANONS Сарыағашта демеушілер көпбалалы отбасыға үй сыйлады

Сарыағашта демеушілер көпбалалы отбасыға үй сыйлады

Сарыағаш ауданында кәсіпкерлердің демеушілігімен Құркелес ауылдық округіне қарасты Алғабас елдімекенінде көпбалалы отбасыға үй берілді. 4 бөлмелі үйге ие болып жатқан Жандарбековтер отбасының қуанышын бөлісіп, жаңа шаңырақтың кілтін табыстауға аудан әкімінің орынбасары мен Құркелес ауылдық округі әкімі арнайы келген.

Аудан әкімінің орынбасары үй иесіне қажетті тұрмыстық техника табыс етті. Қазіргі уақытта үй құрылысы толығымен біткен, іші заман талабына сай жабдықталып, жылу жүйесімен де қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, аз қамтылған отбасы 18 жылдан бері пәтер жалдап тұрып келген.

 Гүлдана Дәурен