Шымкент: 4 жасар бала терезеден құлап, қайтыс болды

141

Шымкентте 4 қабаттан құлаған бала қайтыс болды. Оқиға 30 қазан күні, түнгі сағат 23:00  шамасында Абай ауданы Гагарин көшесі бойындағы тұрғын үйдің бірінде болған.

Төтеншеліктердің мәліметінше 2017 жылғы ұл бала ата-анасының қарауынсыз қалып, баспалдақ аралығындағы терезеден құлаған. Жедел түрде ауыр халдегі бала ауруханаға жеткізілген. Алайда бала көз жұмды.

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады, әсіресе ашық терезелердің жанында. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында балалардың терезеден құлауының 7 жағдайы тіркелді.

Төрт жағдайда балалар қайтыс болды, үшеуінде жарақат алған. Сала жауаптыларының айтуынша мұндай жағдай орын алған мезетте «Құтқару қызметіне» «112» немесе «101»телефонына дереу хабарласу қажет.

 Мөлдір Ибадуллаева