Шымкент: Биыл өнеркәсіп көлемі 7 млрд. теңгеден асады

43

2018 жылы республикалық қала мәртебесін иемденген Шымкент қаласының өнеркәсіп көлемі 411 млрд теңгеден биыл 711,5 млрд теңгеге жетеді. Қалаға осы уақыт ішінде 2,6 трлн. теңге инвестиция тартылып, 200-ден аса жаңа кәсіпорын ашылған. Ал жұмыс орын саны 20 мыңнан асқан.

Шағын және орта бизнес саласында – 87 мыңнан астам кәсіпкерлік субъект тіркеліп, жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6%-ға жетті. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласында өткен отандық бизнесті дамытуға арналған форумда айтты.

Форум мінберінде елімізге белгілі медиа басшылары сөз сөйледі. Олар мұндай жиын бизнес кеңістікте табысқа жеткен тұлғалардың тәжірибесін зерделеу, олардан кеңес алу – кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасайды, салауатты бәсекелестік ортаның қалыптасуына ықпал етеді және жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Және Форум спикерлері табысқа жетудің жолымен бөлісіп, елімізде бизнес жүргізудің ерекшеліктері жөнінде кеңінен ақпар берді.