Шымкент жолдарында жаңа бейнебақылау камералары жұмыс істей бастады

87

Шымкентте жаңа бейнебақылау камераларының бір бөлігі жұмыс істей бастады. Мегаполистің бас полицейінің айтуынша, 1677 құрылғы жұмыс жасап тұр. Ал жол бойында орнатылған тағы 800 камера енді кез-келген заңбұзушылықты, тіпті тағылмаған қауіпсіздік белбеуін де анықтай алады.

Жол ережесін бұзғандарға айыппұлдар туралы хабарламалар енді жиі келуі мүмкін. Бейнекамералардың бір бөлігі учаскелерде және жол бойында орнатылды. Енді орын алған заңбұзушылықтар онлайн режимінде сол мезетте тіркеледі. Ал айыппұлдар туралы хабарламалар смс түрінде түсетін болады.

Арнайы патруль, барлығы 8 автокөлік, жолдардағы қозғалысты олар да бақылайтын болады. Көлікте қажетті барлық жабдықтар бар, олар бейнематериал ұсынып, айыппұл жаза алады.

«Енді жол көлік оқиғаларының саны еселеп азаяды»,- деп есептейді Шымкент қаласы ПД бастығы Ералы Жұмаханбетов. — Ең бастысы-адамның өмірін сақтау. Айта кетейік, айтулы құрылғылар үшін бюджеттен 4 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ал камералардың бір бөлігі орнатылған сәттен бастап-ақ қаладағы жол көлік оқиғалар саны азайған».

Полиция департаменті барлық камералар толық қосылғаны жайлы халық алдын-ала білетін болады деп уәде берді. Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын сақ болуға және жол ережесін сақтауға шақырады.

Шынар Оразова