Шымкентте талма ауруы бар көлік жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

315

28 қараша күні сағат 17:30-да жол-көлік оқиғасы орын алды. Ақпан батыр және Мәншүк Мәметова көшелерінің қиылысында Toyota Camry жүргізушісінің талма ауруы ұстап қалған.

Куәгерлердің айтуынша, 35-38 жастағы ер адам есін жоғалтқан. Көлікті тізгіндей алмаған жүргізуші ағашқа барып соқтығысқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер жүргізушінің қайтыс болғанын анықтады.

Апаттың жай-жапсарын жол полициясының қызметкерлері анықтауда. Қаза тапқан жүргізушінің автокөлігінің салонында жолаушы да болған. Ол жеңіл-желпі жарақат алған.

Айта кету керек, талма ауруы бар адамға жүргізуші куәлігін алу қарсы көрсеткіш болып табылады. Алайда, осы аурудан зардап шегетін адамдар әлі де көлікті басқаруға рұқсат ала алатын бірқатар ерекше жағдайлар бар. Қайтыс болған адам осы санаттағы адамдардың қатарына енген болуы мүмкін.