Шымкентте бейнабақылау камераларының көмегімен ұрлық, бұзақылық, тонау секілді 9 қылмыс ашылған. Одан бөлек, нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 1736 жайт анықталған.
Оның ішінде 1166 жағдай жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты екен. Айта кетейік, қалаға өткен жылы 3 153 камера, биыл 3 177 камера қойылды. Оның ішінде 4 441-і қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға, 1889-ы жол қауіпсіздігіне бағытталған.
Олардың барлығы Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы арқылы басқарылады. Бүгінде жаңадан қойылған камералар қылмыс ашуда өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді дейді сала жауаптылары.
Мөлдір Ибадуллаева