Азық-түлік қымбаттап, инфляция өсіп жатқанда жұмыс беруші жалақы көлемін өсіруге міндетті ме?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбекақыны индексациялау мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Айтуларынша бұл жұмысшы мен мекеме арасындағы келісімшартқа байланысты. Егер онда инфляцияға сай жалақыны индексациялау қарастырылған болса, айлық өсуі тиіс. Олай болмаған жағдайда , жұмыс берушіге айыппұл қарастырылған.
Десе де, көп жағдайда келісімшартта бұл ескерусіз қалып жатады екен. Айта кетейік, ақшаның құнсыздануына байланысты бұған дейін Президент зейнетақы мен жәрдемақыны өсіруді тапсырған.
Шынар Оразова