«Жыл соңына дейін 39 тұрғын үй мен 4 мектеп пайдалануға беріледі»

93

2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жетпіс тоғыз көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның отыз тоғызы жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасының басшысы баспасөз отырысында хабарлады.

«Тұрғын үйге мұқтаж жандар қатары көбейген. Мұның себебі қала халқынының өсуі». Осылай деген Құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейт Рабаев алдағы бесжылдықта тапшылықты ескере отырып, тұрғын үй кезегін екі есе қысқарту жоспарлап отырмыз дейді. Осы бағытта жұмыстар атқарылып, биыл 2500-ға жуық пәтерлі 39 тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қолданысқа беріледі.

Әбілсейт Рабаев, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы: «Осы үйлердің бәрі қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айында тапсыру жоспарланған. Және барлығы жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Шымкент қаласында 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру межесі салынған. Сол меже орындалады деп көзімізді жеткізіп айтсақ болады. Және сол межені келесі жылы 1 млн. 60 мыңнан жоғары, жылдан жылға 100 мыңға өсіп отырады».

Сондай-ақ, 1920 орынға арналған 4 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Әбілсейт Рабаевтың сөзінше, бүгінде 23 мыңнан астам оқушыға қосымша білім нысанын салуға қажеттілік туындап отыр.

Әбілсейт Рабаев, Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы: «202 мектептің тапшылығын осы алдағы келе жатқан 3 жылда жоспарды жапсақ деген өзіміздің көрсеткішіміз бар. Биыл 11 мектептің құрылысы басталған. 2021 жылдың қыркүйегінде 4 пайдалануға берілген. Қалған жетеуі 2022 жылдың оқу мерзіміне падаланысқа беріледі».

Басқарма басшысы қазіргі таңда қосымша 10 мектепке жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқандығын айтады. Алайда бұл шекті сан емес, сұранысқа қарай қажетті мектеп саны өсіп отырады. Біз де өз тарапымыздан, жобаны тезірек жүзеге асыруға тырысамыз дейді.

Гүлдана Дәурен