Бокстан Токио олимпиадасының жүлдегеріне пәтер кілті табыс етілді

126

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Токио Олимпиядасының қола жүлдегері, Сербияның Белград қаласында өткен чемпионатта алтыннан алқа тағынған -Сәкен Бибосыновқа пәтер кілтін табыстады.

Әлем чемпионы облыстағы үздік спортшыларды марапаттау рәсімінде айтулы салаған қосқан орасан үлесі үшін «Жыл үздігі» атағына ие болып, ерекше құрметке бөленген еді. Биылғы жылдың ең үздік 10 спортшысының қатарын бастап тұрған чемпион ұлан халыққа ерекше қуанышын жеткізіп, алғысын білдірді.

Аида Қарсыбайқызы