«Ғасырға бергісіз 30 жыл»: Кітап тұсаукесері өтті

235

Қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет атқарған жандар туған өлкенің тәуелсіздік шежіресін жазып шығарды. Шымкентте Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ғасырға бергісіз 30 жыл» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Тұғырлы тұлғалардың 30 жыл ішіндегі естеліктері 3 бөлімге жинақталған. 1000 дана болатын кітапқа 50-ге жуық автордың еңбегі кірген.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының бірінші орынбасары: «30 жылдықта жеткен жетістіктер болса, өздігінен келген жоқ ешқайсы да. Оның артында талай буынның ерен еңбегі жатыр. Соны ескере отырып, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы ұсыныс жасап, осы 30 жылда еңбек еткен ағалар-әпкеелерміз бар, солардың естелік жинағын шығару бойынша жұмыстар атқарылып, бүгін шығарып отырмыз».

Сондай-ақ, шара барысында бірқатар ардагерлер «Қазақстан Тәуелсіздігіне 50 жыл» медальімен марапатталды. Еңбек ардагері Шарапат Құрманбекова қаланың өркендеуі үшін атқарған еңбектің еленгені қуантады дейді.

Шарапат Құрманбекова, еңбек ардагері: «Тәуелсізігіміз – біздің тұғырымыз. Біздің ата-бабамыз бізді осы күнге алып келу үшін барлық жағдайымызды жасады. Тілімізді, жерімізді, мәдениет, салт-дәстүрімізді сол кісілер бізге жеткізді. Біз әжелер тобы Соны ары қарай ұластыра отырып, тұғырлы елдің тұғырын одан әрі нығайтып, биіктен көрінуге әкелсін дегім келеді. Мереке құтты болсын!».

Гүлдана Дәурен