Кәсіпкерлерге «Жомарт жүрек» сыйлығы тапсырылды

89

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұхан бірқатар меценат, кәсіпкерлерге «Жомарт жүрек» республикалық сыйлығын тапсырды.

Республикалық «Жомарт жүрек-2021» сыйлығын «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «GraMad Retail» ЖШС-інің құрылтайшысы Айжан Наимбекова, «Туған өлке» номинациясы бойынша меценат, кәсіпкер, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Байкен Әшірбаев, ал, «Үздік ұжым» номинациясы бойынша Талғат Исахов басқаратын «Бал Текстиль» компаниясы иеленді.

Сонымен қатар Ш.Мұқан республикалық «Қажырлы еңбек – табыс кілті» жобасының жеңімпазы, педиатр-дәрігер Елена Хан да марапаттады. Шыңғыс Мұқан өз сөзінде «Жомарт жүрек иелерінің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келетінін, мұқтаж жандарға, әрқашан қол ұшын беріп, болашаққа деген сенімін арттырып келетінін» атап өтіп, алғысын білдірді.

 Гүлдана Дәурен