Қазан айында тұрғындар 162 млрд. теңгеге ипотекалық несие алды

136

Қазан айында  тұрғындар 162 млрд. теңгеге ипотекалық несие алды.

Ұлттық банк мамандарының хабарлауынша, былтырға қарағанда баспана сатып алуға кредит мөлшері 43,8 пайызға өскен. Ипотеканы көбіне Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының тұрғындары рәсімдеген. Биыл үй құрылысына 2 млрд теңгеге жуық ақша жұмсалған. Мыңнан аса көппәтерлі үй пайдалануға берілді. 32 мыңға тарта жеке үйдің құрылысы біткен.

Сондай-ақ елде даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушылар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасы ашылады. Мұны бұған дейін Президент тапсырған. Оның бастапқы жарнасы 10 пайыз, сыйақы мөлшерлемесі 5 пайызға дейін болмақ.