Шымкент әкімі тұрғындардың мәселесін тыңдады

153

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 11 азамат жазылып, өз өтініштерін білдірді.

Халықтың басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік сала, инфрақұрылым мәселелері бойынша шағымданды. Мегаполис басшысы айтылған талап тілектерді жеке бақылауына алып , тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды жауаптыларға тапсыратынын жеткізді.

Сондай-ақ, қала әкімінің қоғамдық қабылдауына жазылған кейбір азаматтар жер учаскелері бойынша мәселесін айтты. Шаһар басшысы тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, жер учаскелерін заңдастыру бойынша туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін мәлімдеді.

                                                                                         Мөлдір Ибадуллаева