Төтеншеліктер ескертеді: Тұман күні бойы сақталады

173

Шымкентте 14 желтоқсанда күндіз тұман сақталады. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиғалардың алдын алу үшін автокөлік жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Ирисмат Махмудов, Шымкент қалалық ТЖД ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы:
«Қозғалыс жылдамдығын азайту – 20 м көріну қашықтығы кезінде жылдамдық 10 км/сағ аспауы керек; фаралардың жақын жарығымен жүру, тұманға қарсы фаралар болған кезде оларды жақын жарықпен бірге қосу; шыны тазалағыштарды қосу;
әйнектерді булау кезінде салонның жылыту және желдету жүйесін, сондай-ақ артқы әйнектің электр жылытқышын қосу;
жылдамдықты спидометрмен жиі тексеріп отыру;жолақтарды бөлетін таңбалау сызықтары арасында орталық позицияны алу;
жүргізуші есік терезесін ашық ұстап, басқа да көліктердің шуын тыңдау;
әсіресе қала сыртындағы жолда дыбыстық сигналды жиі қолдану».

Гүлдана Дәурен