Вакцинация демалыс күндері де жалғасады

151

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов демалыс күндері де вакцинациялау жүргізілетінін айтты. Басқарма басшысы демалыс уақытында ата-аналар өздеріне және балаларына екпе жасатуға кеңес береді.

Қазіргі таңда 38 медициналық ұйымдағы егу бекеттерінде вакцинациялау жүзеге асырылып келеді. Оның 13 – і мемлекеттік емхана болса, 24 – і жекеменшік медициналық орталық.

Айта кетейік, Шымкент қаласында егу науқаны басталғаннан бері барлығы 592 240 адам вакцинацияланған.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:  «Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Құрметті ата-аналар қазіргі таңда балаларыңыз үйде, каникулдық демалыста Шымкент қаласындағы барлық емханаларда короновирусқа қарсыфайзер вакцинациясы жасалып жатыр. Құрметті ата-аналар өздеріңізді де ревакцинация жасауға шақырамын. Және де балаларыңызға егер жастары 12-18 жас арасында болса, міндетті түрде файзер компаниясының вакцинасын жасауға шақырамын!»

Гүлдана Дәурен