Зейнетақы қорынан банктегі есепшотқа түскен ақшаны пайдалану мерзімі қысқарды

142

Зейнетақы қорынан банктегі есепшотқа түскен ақшаны пайдалану мерзімі қысқарды. Енді тұрғындар қаржыны 45 күн емес, 20 күн ішінде жұмсауға тиіс.

Пайдалану мерзімі қаржы азаматтың арнайы шотына түскен кезден бастап есептеледі. «Отбасы банк» өкілдерінің айтуына қарай шот ашу үшін бөлімшеге келудің қажеті жоқ.

Құжатты онлайн толтыруға болады. Бұдан бөлек, тұрғындар банктегі есепшотын жапқан кезде зейнетақы қорынан аударылған ақшаны ала алмайды. Қаржы қайтадан қорға түседі.

Шынар Оразова