Бүгін Жетісай қаласында С. Малдыбеков атындағы автобөлшек базары өртке оранды. Төтеншеліктердің мәліметінше, жалынның көлемі сауда нысанының төрттен бір бөлік аумағын шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 дана өрт автокөлігі мен 25 қызметкер жұмылдырылған екен. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталу үстінде.
Жүсіп Ілиясов, Жетісай аудандық ТЖ бөлімінің қызметкері: «2021 жылы сағат 13:31 минутта Жетісай қаласы Яссауи көшесінде орналасқан «С.Малдыбеков» атындағы автобөлшек базарында өрт болып жатқаны жөнінде хабарлама түсті, өрт автокөлігі сағат 13:37 минутта жетті. Жалпы көлемі 1000 квадрат метр автобөлшек базардың 288 кв. метрі жанды. Зардап шеккен ешкім жоқ».
Әлихан Файзханов