Жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлей аласыз

256

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады. Ол үшін «Kaspi» қосымшасын жүктеп, валидатордағы немесе автобус кіреберісінде орнатылған QR кодты сканерлеу қажет. Егер сіз қолма-қол төлем жасағыңыз келмесе немесе Төлем картаңызды үйде ұмытып кеткен болсаңыз, QR-код бойынша оп-оңай төлей аласыз.

Жолақысы бұрынғысынша – 70 теңге. Тексеру кезінде міндетті түрде электронды билетті көрсетуі қажет.

QR код арқылы жол ақысын төлеген жағдайда бірыңғай 70 теңге екенін ескертеміз. Оқушылар мен студенттер валидаторға тек Төлем картасын тигізуі арқылы ғана өз тарифтерін (35,50 теңге) пайдалана алады.

Айта кетсек, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Tolem» электронды жүйесі іске қосылған болатын. Қала тұрғындарына электронды төлем жүйесін барынша қолайлы ету бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі