Мемлекеттік кірістер комитеті 1-ші ақпанға дейін барлық тексеруді тоқтатты

73
Businessman using calculator to calculate budget, Payments, Business financing and accounting banking concept.

Мемлекеттік кірістер комитеті 1 ақпанға дейін барлық тексеруді тоқтатты. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2022 жылдың ақпанына дейін бақылау шаралары уақытша тоқтатылды», – делінген ақпаратта.

Осылайша, 1-ші ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары бастаған және комитет ұйымдастыратын салық және кедендік тексерулер, сонымен қатар тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтерді тексеру уақытша тоқтатылды.