«Оңтүстік Жарық Транзит»: Халыққа қызмет көрсету сапасы артады

94

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2021 жылды жақсы жетістіктермен аяқтады. Олай айтуға толық негіз бар дейді энергетиктер. Өйткені инвестициялық бағдарламалардағы өткен жылға жоспарланған жұмыстар толығымен орындалды.

Былтыр компания өңірдегі қалалық және аудандық электр желілері бөлімшелерін арнайы техникамен қамтамасыз етті. Осылайша, серіктестіктің автопаркі 34 техникамен жаңаланды. Олардың арасында УАЗ, манипуляторлар, кран және өзге техникалар бар. Жылдың соңында электр бағаналарын орнатуға қажетті шұңқыр бұрғылайтын екі «Ямабур» сатып алынды. Олардың артықшылығы 35 киловольттық әуе желісінің 0,4 10 киловольттық әуе желісі бағаналарының диаметрі өлшеміне сәйкес жерді еш күрделіксіз қазып береді. Еңбек өнімділігін, қызмет сапасын арттыратын техникалар бұл жолы Келес аудандық және Кентау қалалық электр желілері бөлімшесіне табыс етілді.Шынар Оразова