Ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізген Президент жаңа Қазақстанды құруда бизнеспен бірігіп атқарылуы тиіс жетті бағытты атап көрсетті.
Соның бірі – салық жүйесін жетілдіру. Президент ірі кәсіпорындар салық төлеуден жалтарып жүргендігін айтты. Және бұлай жалғаса берсе, қатаң шаралар қолданылатын болады деп ескертті.
2020 жылы қазынаға бизнестен түскен салықтық түсімдер 34,6 млн. АҚШ доллары болған. Бұл жалпы ішкі өнімнің 20 пайызы ғана. Ал бұл көрсеткіш көрші елдерде әлдеқайда жоғары. Тіпті Қырғызстанның өзінде 31 пайызға жетеді, деп атап көрсетті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елдегі бизнес салықты төлемесе – мемлекет өзінің әлеуметтік және экономикалық міндеттемелерін орындай алмайды.
Шынар Оразова