Бүгіннен бастап «Қазпошта» бөлімшелерінен зейнетақы мен жәрдемақыны алуға болады.
Бұл туралы мекеменің ресми өкілдері хабарлады. Яғни, ұжымның ел аумағындағы барлық бөлімшелері ашылып, штаттық режимде жұмыс істейді. Банкоматтарға қолма-қол ақша толтырылып жатыр. Сонымен қатар бүгіннен бастап хат-хабарды қабылдап, жөнелту, өңдеу ісі де қайта қалпына келеді.
Шынар Оразова