«Қиял Әлемі» саябағындағы төңкерілген үйде өрт шықты

216

2022 жылғы 20 қаңтар сағат 18:24-те Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Республика даңғылы №6 «А» мекенжайда орналасқан «Қиял Әлемі» саябағының аумағында жалпы көлемі 150 ш.м. айналма үй фотостудиясының 15 ш.м. төбе жаппасы жанды.

Өрт сағат 18:34-те оқшауланып, сағат 18:51-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 23 адам, апаттар медициналық орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.