Úı ANONS Жертөлені су басты

Жертөлені су басты

Қала әкімдігінің кезекті қабылдауына келген тұрғындар аудандағы түйткілді мәәселелерді көтерді. Олардың бірі, Қаратау ауданына бейнебақылау камерасын қоюды талап етті. Ал енді бірі жыры бітпейтін тұрғын үй кезегіне қатысты проблемамен келген. Тұрғындардың мәселесі шешілді ме? Жауапты мамандардың жауабы қандай болды?

Қаратау ауданы, Тұран 2 шағынауданының тұрғыны  Қайрат Шұбанов бір жылдан бері әкімдіктің есігін жағалап жүр. Өйткені, мәселесі шашетектен. Айтуынша, 12 үйдің  жертөлесін жауынды күні су басқан. Сондай-ақ, қоғамдық көліктің проблемасы шешілмей келеді.Ол аздай, бейнебақылау камерасын орнатуда мұңға айналды дейді.

«Жаңбыр жаусын. Жертөле суға толсын, сосын реттейміз дейді. Сосын, балалар ойнайтын жерде қоқыс жәшіктері тұр. Ауыстыр деп неше рет айттық нәтиже жоқ. Бізге 3 ші автобус және 104 автобус көмегін берсін дедім. Камера бойынша бір жыл бұрын сұрағанмын».

Осылай деген әкімдік өкілдері тұрғының мәселесін назарға алып, кемшіліктерді реттейміз деп уәде берді. Мәселесін айтып, қабылдауға келгендердің бірі — Меруерт Тасболатова. «Талай уақыттан бері  тұрғын үй кезегінде тұрмын, бірақ баспанаға қол жеткізу мұңға айналды» дейді. Айтуынша 11 жылдан бері баспаналы болуды армандаған ол, талай маманның табалдырығын тоздырған.

«Мен біреудің пәтеріне кезекке тұрып, үй кезегіне тұрдым. 2015 -те. Содан бері жылжып, 600 -ге дейін жеттік. Мен қалай үй алам. Ипотекаға құятын ақшам жоқ».

Отбасы банк Ақ -ның мамандары кез-келген баспанаға мұқтаж адам үйге өз кезегі жеткенде қол жеткізеді дейді.

Еркін Ақыншаев, «Отбасы банк» АҚ ШҚФ директорының орынбасары: «Кезек күтеді. Аренда береміз. Бірақ оны күтесіз. Расспределение болады. Ары қарай өтсе, күтесіз».

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша 87 мың адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметтік осал топтар да бар. Сонымен қатар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар және бюджеттік мекеме қызметкерлері де үй кезегінде.

Нұргүл Жолымбетова