Шымкентте жанар-жағармайдың бағасы арзандап жатыр

206

Елдегі жағдайдың тез тұрақталуына  шымкенттік кәсіпкерлер де өз үлесін қосуда. Жанар-жағармай сататын серіктестердің бірі өз желісінде АИ-92 маркалы бензиннің литрін 169 теңгеден  сатып жатыр. Осыған дейін  баға 174 теңге болатын. Арзандаған бағамен- дизель отыны да босатылуда. Бір литрі -223 теңгеден сатылымға қойылған.

  Екі күн бұрын ЖЖБ бұл отын түрі 225 теңгеден  босатылған болатын.

Шынар Оразова