Шымкенттік полицейлерге 63 қызметтік автокөлік берілді

26

Шымкенттік полицейлерге 63 қызметтік автокөлік берілді. Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркеуіштермен және навигациялық жүйелермен жабдықталған.

Бұл тәртіп сақшыларының жұмысын үйлестіруге және оқиға орнына немесе күзетілетін объектіге келу уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Қаланың бас полицейі Ералы Жұмаханбетов қиын-қыстау кезде қоғамдық қауіпсіздікті және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз еткен тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан Шымкент қаласы Полиция департаментінің бірқатар қызметтік автокөлігі зақымданған  болатын.

Әлихан Файызхан