3 ай бойы қайтарылмай жатқан несиенің көлемі 422 млрд. жеткен

214

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2018 жылы қазақстандықтар банктер мен микроқаржы ұйымдарынан 4,3 триллион теңге кредит алса, былтыр несие көлемі 9,8 триллион теңгеден асқан. Ал 90 күн бойы қайтарылмай жатқан несиенің көлемі бүгінде 422 миллиард теңгеге жеткен.

Борышкерлер банкроттыққа өтінішті өкілетті органның интернет-ресурсы немесе салықтық мобильді қосымша арқылы бере алады. Қарызды жабуына мүмкіндік беретін мүлікті жасыру, сондай-ақ әдейі банкроттық үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Шынар Оразова