Биыл инфрақұрылым саласында 76 жоба жүзеге асады

75

Шымкент қаласының 5 жылдық жоспарына сәйкес, 2022 жылы 76 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде, ауыз су бойынша 4, кәріз жүйесінде 14, электр – 14, табиғи газ – 15, жылу мәселесінде 5 және инженерлік инфрақұрылым бойынша 24 нысан бар.

Жыл соңына дейін қаланы ауыз сумен қамту көрсеткіші 99 пайызға, кәріз жүйесімен қамту 60 пайызға, сапалы электрді 97-ден 99%-ға және табиғи газбен қамту деңгейін 94,7%-ға дейін көтеру жоспарлануда. Жобаларды жүзеге асыруда шалғай елдімекендерге басымдық беріліп отыр.

 Гүлдана Дәурен