Ел аумағына контрабандалық тауарлардың өту дерегі көбейген

120

Ел аумағына контрабандалық тауарлардың өтіп кету деректері көбейген. Қаржы министрлігінің қызметкерлері салықтық тексеру жүргізу кезінде Қырғызстаннан келген жүк көліктерінен үш жарым мың дана мәлімделмеген тауар анықтады.

Сондай-ақ, жалпы құны 1 млрд. теңгеден асатын смартфондарды заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды. Бұл өнімдер кедендік рәсімнен өтіп, тиісті салық салынуы тиіс.

Алайда тасымалдаушылар құжаттары мен таңбалары жоқ тауарларды шекара асыруға тырысады. Қазір мұндай заңсыздықтардың жолын кесу үшін кеденде бақылау күшейтілді.

Шынар Оразова