Миллион теңгені қателесіп аударған: Сот ерекше іске нүкте қойды

122

Байқаусызда бөтен картаға миллион теңге аударып жіберген қызылордалықтың ісіне қатысты сот процесі аяқталды. Сот шешімімен банк әйелдің шатасып аударған сомасын толығымен қайтаруы керек, деп хабарлайды Астана арнасы.

Қызылордалық әйелдің қателесіп салып жіберген ақшасы Қостанай облысы тұрғынының есепшотына түскен. Бір қызығы ол өз картасына мұндай қаржының аударылғанын білмеген. Сонымен қатар, банк түскен ақшаның жартысын ұстап қалған, себебі есепшот иесінің қарызы болған екен. Ал қалған соманы иесіне жіберген.

Банк ұстап қалған қаржы төңірегінде сот отырысы 2 айға жалғасқан. Нәтижесінде банкке толық соманы қайтару міндеттелді.

«Kaspi Bank» АҚ-дан Ақбөпеева Г.К. пайдасына 504 мың теңге мен сот шығыны 6 540 теңгені және өкілдің шығыны ретінде 50 мың теңген өндірілсін», — деп шешім қабылдады Әулиекөл аудандық сотының судьясы Әсел Ахметова.