Құны 150 млрд. теңгеге жуық күдікті операциялардың жолы кесілді

126

Қолма-қол ақшаны Қазақстаннан заңсыз шығару бойынша 5 миллион АҚШ долларына жуық заңбұзушылық анықталған. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың кездесуінде айтылды.

Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 еседен асқаны және олардың жалпы құны 150 млрд. теңгеге жуық екені баяндалды. Агенттіктің мәліметі бойынша шетелге ақша шығарудың күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше, биыл шетелге аударылған қаржы 30 пайызға азайған.

Сонымен қатар, Қазақстан-Қытай шекарасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үш аптаның ішінде тауарды заңсыз әкелу фактілері бойынша 8 қылмыстық және 24 әкімшілік іс қозғалды.

Шынар Оразова