Тұрғын үй құрылысының шекті бағасы бекітіледі

141

Қазақстанда  тұрғын үй құрылысының шекті бағасы бекітіледі. Бұл мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан үйлерге қатысты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, құрылыста жобаның сметалық құнын негізсіз өсіруді азайту үшін «Онлайн калькулятор» дайындалған. Ол шекті бағаны автоматты есептеп береді.

Республика аумағында  «Е-Құрылыс» деп аталатын ақпараттық жүйе арқылы құрылыс басталған кезден, нысан пайдалануға берілгенге дейінгі процесті бақылауға болады. Жүйе орындалмаған жұмысты, аяқталмаған құрылысты қабылдамайды.

Шынар Оразова