Украинада жанармай мен азық-түлік қымбаттады

110

Соңғы екі аптадан бері Украинада гривна құнсызданып, жанар-жағармай мен азық-түлік қымбаттап кетті. Украинада өткен жылы өнеркәсіптік инфляция көлемі 62 процентке жетіп, 25 жыл бұрынғы рекордтан асып түсті. Соңғы айларда Украинаның өндіріс орындары отынның мың текше метрі үшін 1,5 мың доллар төлеуге мәжбүр.

Сондықтан өндірушілер тауардың барлық түрі, оның ішінде қант, май және нан өнімдерінің бағасын 2-3 есеге арттыруға мәжбүр. Жанармайдың да бағасы шарықтап барады. Сұйық отын құны апта басында 2 гривна, шамамен 31 теңгеге артты.

Александр Сиренко, Украина мұнай нарығының сарапшысы: «Мұндайда энергия көздері мен мұнай өнімдеріне тәуелді тауар бағасының бірден шарықтап кетуі – заңдылық. Соңғы екі-үш айда дүкендердегі азық-түлік өнімдерінің 10-20 пайызының бағасы өсіп кеткен. Мұның бәрі электр энергиясы мен отынның қымбаттылығынан туындап отыр».

Шынар Оразова