Зейнетақы активтері 13 трлн. теңгеге жетті

88

Былтырдан бері  азаматтар  зейнетақы жинағындағы артық ақшасын мерзімінен бұрын алғанына қарамастан, қордың активі 152 млрд. теңгеге өскен. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов зейнетақы активтері 13 трлн. теңгеге жеткенін айтты.

Елде 781 мыңнан аса азаматтың өтініші қабылданып, олар мерзімінен бұрын 2,6 трлн теңгені пайдаланды. Сондай-ақ,  алған ақшасын уақытында жұмсап үлгермеген адамдардың 354 млрд теңгесі қорға қайтарылған. Ұлттық банк биыл да зейнетақы қорының кірісін арттыруды жалғастырады.

Шынар Оразова